Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көліктегі басқару және логистика орталығы» мекемесі сәйкестігін растау жөніндегі органның 2022 жылғы 26 сәуірдегі № KZ.O.02.E0941 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. А. Байтұрсынов атындағы «Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ өңірлік «Smart-орталықтың» «LabNetwork» зертханалық кешені 2021 жылғы 14 маусымдағы № KZ.T.11.E0332 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары М.К. Айтышевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

