Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2021 жылғы 04 наурыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 47 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Дорожная лаборатория» ЖШС сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
«Kazpetrotest» сынақ зертханасы, Ақсай қ.;
«Строй Девелопмент» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«EcoProf KZ» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
«CASPIAN GEO SERVICES LTD» (КАСПИАН ГЕО СЕРВИСЕЗ ЛТД)» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«АСУ-ЭКО» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтобе қ.;
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Спецшахтомонтаждегазация» басқармасының санитарлық-профилактикалық зертханасы, Қарағанды қ.;
«Қазхром «ТК» АҚ филиалы Дон тау - кен байыту комбинатының қоршаған ортаны қорғау зертханасы, Хромтау қ.;
1.2 Келесі ұйымдардың калибрлеу және салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«Қазақтелеком» АҚ филиалы Шығыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының калибрлеу зертханасы, Өскемен қ.;
«ЕПК Степногорск» АҚ калибрлеу зертханасы, Степногорск қ.;
«Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының тексеру зертханасы Атбасар қ.;
«InterExpress» ЖШС тексеру зертханасы Қостанай қ.;
«Эталон «Шымкент зауыты» ЖШС тексеру зертханасы, Шымкент қ.;
«ЕПК Степногорск» АҚ тексеру зертханасы, Степногорск қ.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес:
«Палата» ЖШС өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Көкшетау қ.
3.Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
3.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Тұлпар» автотехникалық құралдардың мамандандырылған сынақ орталығы» ЖШС сынақ зертханасы», Павлодар қ.;
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
«РЕАКТИВ» ғылыми-өндірістік орталығы ЖШС сынақ зертханасы, Степногорск қ.;
«Алпамыс-С» ЖШС тексеру зертханасы, Қарағанды облысы, Атасу кенті;
«Проливная система» ЖШС тексеру зертханасы», Қарағанды қ.
3.2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты:
«Казлифтконсалтинг» ЖШС өнім мен қызмет сәйкестігін растау жөніндегі органы, Нұр-Сұлтан қ.;
«ALAR GROUP» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«Baltic control KZ Certification» ЖШС сынақ зертханасы, Петропавл қ.
3.3 аккредиттеудің келесі субъектісі атауының өзгеруіне байланысты:
Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты " ЖШС сынақ орталығы», Нұр-Сұлтан қаласы.
4. Аккредиттеу субъектілерін аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«HSE SERVICE» ЖШС сынақ зертханасы, Орал қ.;
«АтырауСпецТрансСервис» ЖШС сынақ зертханасы (стационарлық+жылжымалы), Атырау қ.;
«АЛСЕР ЛТД» ЖШС сынақ орталығы, Атырау қ.;
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының Қарақия аудандық бөлімшесінің медициналық зертханасы, Құрық ауылы;
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының Маңғыстау аудандық бөлімшесінің медициналық зертханасы, Шетпе кенті;
ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесінің медициналық зертханасы, Форт-Шевченко қ.;
«Urker Engineering, Procurement and Constructions» ЖШС тексеру зертханасы, Атырау қ.
5. Келесі аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17021-2-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім. Қоршаған орта менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO/IEC 17021-3-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар.3 бөлім. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO/IEC TS 17021-10-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 10 бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» стандарттардың талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға алынсын:
«TEAM EXPERT SM» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
6. «ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
7. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС
Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

