Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 18 наурыздағы № 110; № 111; № 112; № 113; № 114; № 115; № 116; № 117; № 118; № 119; № 120; № 121 және № 122 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17065 - 2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «ORGANIC» мұнай өнімдерін сараптаудың тәуелсіз орталығы» өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, аккредиттелсін.
-
ҚР СТ 7.6-2009 «Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына қойылатын талаптар мен аккредиттеу тәртібі» талаптарына сәйкес Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК өлшемдерін орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауы аккредиттелсін.
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Маңғыстау облысы, Шетпе ауылы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Маңғыстау облыстық филиалының Маңғыстау аудандық ветеринариялық зертханасы;
- Қызылорда қ., «Комбинат Строительных Материалов KZ – 2022» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Өскемен қ., «ПРОММЕТРОСЕРВИС» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасы;
- Ақтөбе қ., «MSR services» сынақ зертханасы;
- Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, «Д.А.С.-КОНТРОЛЬ-СЕРВИС» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Шымкент қ., «ПЕТРОКАЗАХСТАН ОЙЛ ПРОДАКТС» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Сарқан аудандық бөлімшесінің Жетісу облысы бойынша сынақ зертханасы;
- Орал қ., «HSE service» ЖШС-ның сынақ мобильді зертханасы;
- Алматы қ., «АлматыГеоЦентр» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, ауыл Аса, «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Астрахан ауылы, «СТРОЙЭКСПЕРТ «ИЛ» ЖШС-ның сынақ зертханасы.
-
Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Астана қ., Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК калибрлеу зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
-
Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
- Алматы қ., «Ғылыми-Зерттеу Орталығы» Алматы-Стандарт» ЖШС-ның өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
- Астана қ., «Зеленый мост» ЖШС-ның парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның.
-
Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
- Астана қ., «SupEx» ЖШС-ның парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның;
- Астана қ., «CERT International KAZAKHSTAN» ЖШС-ның менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның.
-
«ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Негіздеме: 14.03.2025 жылғы № 16-02/2086 қызметтік жазба.

