«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 28 ақпаннан 2024 жылғы 28 мамырға дейін ұзартылсын:
1) Қарағанды қ., «Казахстан сертификация» ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылғы 28 ақпандағы № KZ.T.10.2193 аккредиттеу аттестаты;
2) Қостанай қ., «ГЭСПОЛ» ЖШС топырақтық-экологиялық зертханасының 2019 жылғы 28 ақпандағы № KZ.T.11.1455 аккредиттеу аттестаты;
3) Степногорск қ. «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС экологиялық мониторинг (стационарлық/мобильдік) сынақ орталығының 2019 жылғы 28 ақпандағы № KZ.T.03.1460 аккредиттеу аттестаты;
4) Шымкент қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы сынақ зертханасының 2019 жылғы 28 ақпандағы № KZ.T.16.0263 аккредиттеу аттестаты;
5) Түркістан обл., «СапаТехНадзор» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2019 жылғы 28 ақпандағы № KZ.P.16.2194 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

