«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының салыстырып тексеру зертханасының 2015 жылдың 4 мамырдағы № KZ.P.02.0687 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 4 мамырдан 2020 жылғы 4 тамызға дейін ұзартылсын.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 15 мамырдан 2020 жылғы 15 тамызға дейін ұзартылсын:
- «Эксперт Cert» ЖШС сынақ зертханасының 2015 жылдың 15 мамырдағы № КZ.Т.16.1602 аккредиттеу аттестаты;
- «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС химикалық-аналитикалық зерттеу сынақ зертханасының 2015 жылдың 15 мамырдағы № КZ.Т.02.0782 аккредиттеу аттестаты;
- «Казахстанский центр технической экспертизы и сертификации эскалаторов и лифтов» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органның 2015 жылдың 15 мамырдағы № КZ.О.02.0750 аккредиттеу аттестаты.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

