«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы No 285 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі төтенше жағдайдың күшінде болу кезеңінде ұзартылсын:
- «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 13 қаңтардағы № KZ.Р.05.0516 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 13 сәуірден 2020 жылғы 8 маусымға дейін;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 13 қаңтардағы № KZ.П.01.0539 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 13 сәуірден 2020 жылғы 8 маусымға дейін;
- «Реактивснаб» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 24 сәуірдегі № KZ.T.16.0703 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 24 сәуірден 2020 жылғы 19 маусымға дейін;
- «Жұлдыз» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 24 сәуірдегі № KZ.T.16.0608 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 24 сәуірден 2020 жылғы 19 маусымға дейін;
«Согра ЖЭО» ЖШС санитарлық-өнеркәсіптік талдау зертханасы (2015 жылдың 3 ақпандағы № KZ.T.07.0618 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 3 мамырдан 2020 жылғы 28 маусымға дейін;
- «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасы (2015 жылдың 3 ақпандағы № KZ.И.14.0609 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 3 мамырдан 2020 жылғы 28 маусымға дейін;
- «Жаңа-Есіл Феникс» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 15 мамырдағы KZ.P.15.0541 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 15 мамырдан 2020 жылғы 10 шілдеге дейін;
- «Палата» ЖШС сынақ орталығы (2015 жылдың 15 мамырдағы КZ.И.03.0767 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 15 мамырдан 2020 жылғы 10 шілдеге дейін;
- «ТЕКС» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі орган (2015 жылдың 20 ақпандағы KZ.O.02.0651 аккредиттеу аттестаты) 2020 жылғы 20 мамырдан 2020 жылғы 15 шілдеге дейін;
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 13 сәуірден бастап туындайтын қатынастарға таралады.

