Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Центр дистанционного зондирования и ГИС «Терра» ЖШС сынақ зертханасының 2020 жылғы 08 сәүірдегі № KZ.T.02.1550 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Centro Lab» ООО калибірлеу зертханасының 2021 жылғы 03 қарашадағы № KZ.K.00.1772 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

