«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, және аккредиттеуден кейінгі шарттың 8.4 тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 7 наурыздан 2022 жылғы 7 маусымға дейін ұзартылсын:
1) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қызылорда облыстық филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.12.0806 аккредиттеу аттестаты;
2) Қостанай қ., «Агроинженерлік ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қостанай филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.11.0130 аккредиттеу аттестаты;
3) Атырау облысы, «Тенгизшевройл» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.06.0163 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы облысы, «Арнаулы конструкторлық-технологиялық бюро «ГРАНИТ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.П.04.1272 аккредиттеу аттестаты;
5) «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» ШЖҚ РМК Жезқазған қаласындағы өкілдігі жылжымайтын және жылжымалы химия экологиялық зертханаларының № KZ.И.18.1190 аккредиттеу аттестаты («Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 295 қаулысы).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 268-ОД 04.03.2022 Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

