Аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2020 жылдың сәуір айының 13 күнгі № 23 хаттамасына өзгеріс енгізу негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң Бас директорының 2020 жылдың сәуір айының 15 күнгі № 250-ОД бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:
«1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Түркістан қалалық бөлімшесінің сынақ зертханасы;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Сайрам қалалық бөлімшесінің сынақ зертханасы.»
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

