«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 10 наурыздан бастап 2021 жылғы 10 маусымға дейін ұзартылсын;
Шымкент қ., «Компания Ахмет» ЖШС құрылыс сынақ зертханасы KZ.T.16.1709;
Нұр-Сұлтан қ, «МЕПО» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы KZ.П.14.1708;
Шымкент қ., Тараз қ «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ Оңтүстік жүйсаралық электр тораптары» филиалының салыстырып тексеру зертханасы KZ.П.16.1021.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

