«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 26 ақпаннан 2026 жылғы 26 мамырға дейін ұзартылсын:
1) Атырау қ., «RELAY ZHOLDAS/РИЛЕЙ ЖОЛДАС» ЖШС калибрлеу зертханасының № KZ.K.06.E0043 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС сынақ орталығының № KZ.T.02.2426 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Технологии Шумозащиты» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.E0042 аккредиттеу аттестаты;
4) Шымкент қ., «LLP ROYAL» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.16.E0041 аккредиттеу аттестаты;
5) Қарағанды обл., «ALS KazLab» ЖШС «Пустынное» сынақ зертханасының № KZ.T.10.1636 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

