Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес, Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 5 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
Астана қаласы, «Зеленый мост» ЖШС парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуден бас тартылсын.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

