Қазақстан Республиқасының "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы cәуір айының 17 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының №25 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Нұр-Султан қ., "Сауда палатасы Фирмасы" ЖШС-ң өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
2. "ҰАО" ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және "ҰАО" ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестаты осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектіне берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау "ҰАО" ЖШС-ң Бас директорының орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

