«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 12 наурыздан 2025 жылғы 12 маусымға дейін ұзартылсын:
1) Рудный қ., «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Техникалық бақылау бөлімінің қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік санитарияның мамандырылған зертханасының № KZ.T.11.0576 аккредиттеу аттестаты;
2) Шымкент қ., «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.16.0572 аккредиттеу аттестаты;
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының Талас аудандық бөлімшесінің сынақ зертханасының № KZ.T.08.2310 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

