Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 24 ақпандағы № 4-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі төменде көрсетілген аккредиттеу субъекттердің:
1) Өскемен қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС Шығыс-Қазақстан филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасының 06.04.2021 жылғы № KZ.M.07.2430,
2) Орал қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС-нің Батыс-Қазақстан филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасының 01.11.2024 жылғы № KZ.M.09.2269,
3) Орал қ., «Медицинский центр» ЖШС-нің орталықтандырылған медициналық зертханасының 08.12.2023 жылғы № KZ.М.09.2609,
4) Алматы қ., Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 7 қалалық клиникалық аурухана» Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының клиникалық-диагностикалық зертханасының 09.09.2021 жылғы № KZ.M.02.E0517,
5) Алматы қ., «LabStar Kazakhstan» ЖШС-нің медициналық зертханасының 14.02.2024 жылғы № KZ.M.02.2660,
6) Алматы қ., «Medical Partners Korea Qazaqstan (Медикал партнерс Корея Казахстан)» ЖШС-нің медициналық зертханасының 30.12.2021 жылғы № KZ.M.02.E0720,
7) Астана қ., «AST-lab» (АСТ-лаб) ЖШС-нің Астана қаласындағы аймақтық зертханасы / медициналық зертханасының 18.03.2024 жылғы № KZ.M.01.2671 аккредиттеу аттестаттары кері қайтарып алынсын.
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

