Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 бабының 1 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы ақпан айының 22 күнгі № 58 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Ақтау қ., «TehcnoLab» ЖШС-ң сынақ зертханасын аккредиттеуден бас тартылсын.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақыла «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Еримбетов Б. С. жүктелсін.
6.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 251-ОД 23.02.2024 ж. Аккредиттеуден бас тарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

