Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 24 ақпандағы № 5-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Aqtay avtosertif» ЖШС-нің сынақ зертханасының 09.11.2023 жылғы № KZ.T.13.2598 аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

