Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 24 ақпандағы № 9 хаттамасының 11-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
Павлодар қ., «ТЕХНО-NS. KZ» ЖШС-нің сынақ зертханасының 14.02.2024 жылғы № KZ.T.14.2662 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «ТР ТС 018» бойынша бұрын жарамсыз деп танылған аккредиттеу саласының бөлігі қайта жаңартылсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

