Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 24 ақпандағы № 9 хаттамасы
негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Атырау қ., «WEST NDT SERVICE» ЖШС сынақ зертханасы,
2) Ақтау қ., «TESTCOM CASPIAN» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
3) Алматы қ., «Нобел Алматы Фармацевтік Фабрикасы» Акционерлік қоғамының сынақ зертханасы,
4) Алматы обл., Қарасай ауд., Іргелі а. о., Кемертоған ауылы, «KazCar Group» ЖШС-нің сынақ зертханасы,
5) Алматы қ., «Научно-исследовательский центр сертификации» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы,
6) Поверочную лабораторию ТОО «Railverse», г.Алматы, Алматы қ., «Railverse» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы,
7) Алматы қ., «ASA Standart» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК Кешенді экологиялық зерттеулер орталығының сынақ зертханасының 30.12.2021 жылғы № KZ.T.02.E0736 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты, Қостанай облысы, Рудный қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Рудный қалалық бөлімшесінің сынақ орталығының 01.08.2024 жылғы № KZ.T.11.2740 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіндегі мәліметтерді өзектендіру арқылы КО ТР 035/2014, КО ТР 029/2012, КО ТР 017/2011, КО ТР 027/2012, КО ТР 019/2011 техникалық регламенттері бойынша қосымша аккредиттеу салаларын алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілсін.
4. Алматы қ., ««КДЛ ОЛИМП Алматы» ЖШС-нің «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы» аккредиттелген субъекттің атауы ««КДЛ ОЛИМП Алатау» ЖШС-нің «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасы» жаңа атауына өзгеруіне байланысты 07.02.2025 жылғы № KZ.M.02.2821 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
5. ЕАЭО сәйкестікті растау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Жетісу облысы, Талдықорған қ, "ТЕМИРБЕТОН" ЖШС-ның сынақ орталығы, 11.12.2025 жылғы № KZ.Т.04.0746 аккредитеу аттестаты,
2) Ақтөбе обл., Қарғалы ауд., Бадамша а.о., Бадамша ауылы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалының Қарғалы аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы 30.01.2026 жылғы № KZ.T.05.2332аккредитеу аттестаты.
-
«ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 6-тармақ бойынша - Аппарат басшысы М. Копабаевқа, 7 және 8 тармақтар бойынша - бас директордың орынбасары А. Мамбетаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

