Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 5 наурыздағы № 7-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
Ақтау қ., «Прикаспийский центр сертификации» ЖШС сынақ орталығының 26.07.2023 жылғы № KZ.T.13.0192 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «018 КО ТР» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

