Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2021 жылғы 24 ақпандағы № 46-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1 Ақтау қ., «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС өнім және қызмет сәйкестігін растау жөніндегі органының 2018 жылдың қараша айының 5 күні берілген № KZ.О.13.0193 аккредиттеу аттестаты қайты жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

