«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республкасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 27.01.2025 жылғы № 1 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 07.12.2020 жылғы № KZ.Р.10.1626 «КазТрансОйл» АҚ салыстырып тексеру зертханасын 2025 жылғы 5 тамызға дейін, аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас директордың бірінші орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негіздеме:
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 03.03.2025 жылғы № 23-1-24/146-И хаты.

