Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 5 наурыздағы № 80; № 81; № 82; № 83; № 84; № 92 және № 98 хаттамалары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес
Петропавл қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының медициналық зертханасы аккредиттелсін. -
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
- Көкшетау қ., «Medi TEC-NS» ЖШС-ның Ақмола филиалының сынақ зертханасы;
- Астана қ., «Инжиниринговый центр Каздоринновация» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Астана қ., «ЭКО-АНАЛИТ» ЖШС-ның сынақ зертханасы;
- Астана қ., Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталық кеден зертханасы» РМК-ның сынақ зертханасы;
- Қарағанды қ., «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-ның Қарағанды филиалының сынақ орталығы;
- Алматы облысы, Іле ауданы, А. Тоқпанов ауылы, «906 База измерительной техники» РММ-ның салыстырып тексеру зертханасы.
-
Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы «KAZCERT INTERNATIONAL» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін. -
Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты
Орал қ., «EXPERT SERVICE» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін. -
Аккредиттеу субъектісінің мекенжайы өзгеруіне байланысты
Қарағанды қ., «СЕНІМ TRADE LTD» ЖШС-ның сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін. -
ҚР СТ ISO 15189-2023 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
- Орал қ., Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ДСБ «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК-ның медициналық зертханасы;
- Көкшетау қ., Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының профилактикасы жөніндегі орталығы» ШЖҚ МКК-ның диагностикалық зертханаларының медициналық зертханасы;
- Ақтау қ., «МБ-Лаб» ЖШС-ның клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы.
-
«ҰАО» РМК экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы
Осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын. -
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы
Аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпарат енгізілсін. -
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі
Осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын. -
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды
«ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін. -
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

