Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 7 наурыздағы № 9-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Ивена» ЖШС-ның сынақ зертханасының 28.12.2023 жылғы № KZ.T.02.2623 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын М2, М3, N1, N2, N3, О1, О2, О3, О4 санаттары бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. «ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

