Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2022 жылғы 18 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 110 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1:2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 1 бөлім. Талаптар» «Business Expert KZ» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Алматы қаласы аккредиттелсін;
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес аккредиттелсін:
2.1. Келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары:
«Estate&Law» ЖШС сынақ зертханасы, Макинск қаласы;
«Capital Active» ЖШС сынақ зертханасы, Ақтау қаласы;
«Ғылыми-техникалық инженерлік орталық» ЖШС сынақ зертханасы (орталығы), Алматы қаласы;
Биоценология және экологиялық зерттеулер ғылыми орталығының сынақ зертханасы «Павлодар педагогикалық университеті» Коммерциялық емес АҚ, Павлодар қаласы;
«International Safety Standard» ЖШС стационарлық-мобильді сынақ зертханасы, Атырау қаласы;
«VB Белес» ЖШС бұзылмайтын бақылау сынақ зертханасы Орал қаласы;
«Маңғыстауэнергомонтажналадка» ЖШС техникалық диагностика және бақылау сынақ зертханасы, Ақтау қаласы.
2.2. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Маңғыстау филиалының калибрлеу зертханасы, Ақтау қаласы
3. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
3.1. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«GIO TRADE» ЖШС сынақ орталығы, Қарағанды қаласы;
«Каз Энерго Стандарт «ҰТО» ЖШС тексеру зертханасы, Алматы қаласы;
3.2 Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қарағанды филиалының сынақ орталығы, Қарағанды қаласы;
Өнімдердің, процестердің, қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі Орган «Алматы-Стандарт «Ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС, Алматы қаласы;
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органынның, Өскемен қаласы;
«МЫРЗА-ХАН» ЖШС Қызылорда филиалының медициналық зертханасы, Қызылорда қаласы.
3.3 Атауының өзгеруіне байланысты:
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы / «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының атауы өзгеруіне байланысты;
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасы / «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасының атауы өзгеруіне байланысты;
3.4. Стандарттың жаңа нұсқасына көшуге байланысты:
ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі» менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі орган «Ұлттық сертификаттау орталығы» ЖШС, Орал қаласы;
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» «СейсмоСтройЗащита» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қаласы.
3.5. Мекенжайының атауы өзгеруіне байланысты «Өрт аудиті-Сервис» ЖШС сынақ зертханасы Алматы қаласы.
3.6. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Стройэксперт» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қаласы.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталыгы) құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың 1,2 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталыгы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 237-ОД ОТ 25.02.2022 Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

