БҰЙРЫҚ
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 14 қаңтардағы № 1-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
Келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынсын:
- Атырау қ., «АРИАТ-НБ» ЖШС-ның сынақ зертханасының 20.05.2022 жылы берілген № KZ.T.06.E1013 аккредиттеу аттестаты;
- Атырау қ., «АРИАТ-НБ» ЖШС-ның өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның 29.09.2023 жылы берілген № KZ.О.06.0805 аккредиттеу аттестаты;
- Қарағанды қ., «Мона Сервис» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының 15.01.2024 жылы берілген № KZ.Р.10.2628 аккредиттеу аттестаты;
- Алматы қ., «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ-ның сынақ орталығының 25.05.2022 жылы берілген № KZ.T.02.E1034 аккредиттеу аттестаты;
- Қостанай қ., «СЖС Казахстан ЛТД» Шетел Кәсіпорны ЖШС-ның сынақ зертханасының 25.05.2022 жылы берілген аккредиттеу аттестаты.
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Б. Копабаевке жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

