Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының
2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2020 жылғы наурыз айының 12 күнгі №16-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Cosmomed» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігің растау жөніндегі органының 2015 жылдың мамыр айының 22 күні берілген KZ.О.02.0995 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 007/2011 «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы» КО ТР және 017/2011 «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР бойынша бөлігін жарамсыз танылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

