«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директорының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 11-ОД «Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестатын Ақмола филиалының қызметі бөлігі бойынша қайтарып алу туралы» бұйрығын жою туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 27 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директорының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 11-ОД «Көкшетау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестатын Ақмола филиалының қызметі бөлігі бойынша қайтарып алу туралы» бұйрығының күші жойылсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аппеляция бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

