«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 19 ақпаннан 2026 жылғы 19 мамырға дейін ұзартылсын:
1) Павлодар қ., «Компания Нефтехим LTD» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.14.E0055 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., «KAZ Security Lab» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.01.E0036 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «ИВК и Компания» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.1045 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

