Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2023 жылғы 06 наурзыдағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 74 және № 75 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ISO 15189-2015. «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының медициналық зертханасы, Тараз қ.;
2) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК филиалының медициналық зертханасы, Орал қ.
2. ҚР СТ ISO 14065-2016. «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «Зеленый мост» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы Астана қ. аккредиттелсін.
3. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертаханасы Жалағаш аудандық бөлімшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш к.;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Жаңаөзен қ.;
3) «ИК «ДОБРО» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4) «Пожарный Аудит-Сервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
5) «Ескерткыш Қазақстан» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының сынақ орталығының, Талдықорған қ.;
2) «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
3) «MSK Engineering» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
5. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «КДЛ ОЛИМП» ЖШС филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының / медициналық зертханасы, Жетісу облысы, Талдықорған қ.;
2) «КДЛ ОЛИМП» ЖШС Абай филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының / медициналық зертханасы Семей қ.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Қарасаев Е.Ж. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

