«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Алматы облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №251900610000074 қаулысына және мамандарылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының 2026 жылғы 21 қаңтардағы №1920- 26-00-3ж/26 қаулысына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторинг және талдау басқармасы 17.04.2023 жылғы № KZ.Т.04.2506 «ТрансАвтоАлматы» ЖШС сынақ зертханасының көлік құралдарының L санаты бойынша сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізу саласы бөлігінде 2026 жылғы 21 шілдеге дейін тоқтата тұру туралы мәліметтер енгізсін.
2. Цифрлау бөлімі тиісті ақпаратты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ң веб-сайтына орналастырсын.
3. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу аттестатың қолданылуын тоқтата тұруға қатысты мәліметтерді аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама жіберілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

