Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 18 ақпандағы № 3-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1.Абай обл., Семей қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның «Семей» филиалының өлшем құралдарын салыстырып тексеру бөлімінің салыстырып тексеру зертханасының 17.11.2021 жылғы
№ KZ.P.07.E0687 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «16-ші» өлшем түрі бойынша саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
2.«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне хабардар етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша - «ҰАО» РМК-ң Бас директорының орынбасары А. Мамбетаевқа, 4 тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ң аппарат басшысы М. Копабаевқа жүктелсін.
6.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

