Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 18 ақпандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 30 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«МунайФилдСервис» ЖШС сынақ зертханасы, Жаңаөзен қ;
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті жанындағы «Экология» ғылыми-зерттеу институтының «экологиялық бақылау және химиялық талдау» сынақ зертханасы (талдау зертханасы), Түркістан қ.
«ИВК и Компания» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ;
«KAZ SECURITY LAB» ЖШС сынақ зертханасы, Нур-Султан қ;
«КАРГАЗСТАНДАРТ» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ.
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«Radio Wave Service» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«Компания Нефтехим LTD» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
«Ұлттық сараптау орталығы» ШҚЖ РМК Маңғыстау филиалының сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«Nomad Eco» ЖШС сынақ зертханасы, Нур-Султан қ.
2.2 Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«МЫРЗА-ХАН» ЖШС «Олимп» Солтүстік Қазақстан филиалы КДЗ медициналық зертханасы, Петропавл қ.;
«ECO AIR» ЖШС сынақ зертханасы», Өскемен қ.
2.3 Келесі аккредиттеу субъектілерінің қайта ұйымдастырылуына байланысты:
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Шығыс-Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Шығыс-Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы, Өскемен қ.;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Қарағанды филиалының калибрлеу зертханасы, Қарағанды қ.
2.4 Келесі аккредиттеу субъектілерінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты:
«Еркін талғам» өнім және қызмет сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
«Алматы сертификаттау бюросы» менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Алматы қ.
«Nomad Eco» ЖШС сынақ зертханасы, Нур-Султан қ.;
«Стандарттау және сертификаттау орталығы» ЖШС сынақ орталығы, Алматы қ.
2.5 Келесі аккредиттеу субъектісінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«Болат Жол» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Құлсары қ.
3. «ҰАО» ЖШС Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, «е-Аккредиттеу» ақпараттық жүйесінен тыс қарастырылған құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

