Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сапа зертханасы» ЖШС мобильді (жылжымалы) сынақ зертханасының 2021 жылғы 12 сәуірдегі KZ.T.01.E0138 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторинг және талдау басқармасы тиісті ақпаратты Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

