Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылғы 13 ақпандағы № 7 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Кенен Әзірбаев ауылы, «QualityLab» ЖШС сынақ зертханасының Атырау филиалы,
2) Астана қ., «Исследовательская лаборатория «Эксперт ТС»» ЖШС сынақ зертханасы,
3) Алматы облысы, Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылы, «QAZSERT-1» ЖШС сынақ зертханасы,
4) Орал қ., «Батыскурылыс» ЖШС сынақ зертханасы,
5) Павлодар қ., «Региональный Научно-Практический Центр «Система»» ЖШС сынақ зертханасы,
6) Өскемен қ., «Усть-Каменогорский титано-магниевый комбинат» АҚ салыстырып тексеру зертханасы,
7) Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы – «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің» Маңғыстау сигнализация және байланыс қашықтығының салыстырып тексеру зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Алматы қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы сынақ орталығының 2021 жылғы 15 наурыздағы № KZ.Т.02.0923 аккредиттеу аттестаты (ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіндегі мәліметтерді өзектендіре отырып);
2) Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ., «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша филиалы Жаңаөзен қалалық бөлімшесі сынақ зертханасының 2023 жылғы 10 наурыздағы № KZ.T.13.2481 аккредиттеу аттестаты.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) Қарағанды қ., «Expertus» ЖШС сынақ / мобильді (жылжымалы) зертханасының 2022 жылғы 29 наурыздағы № KZ.T.10.E0902 аккредиттеу аттестаты,
2) Алматы қ.; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жалпаксай ауылы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» АҚ сынақ өрт зертханасының 2021 жылғы 21 қазандағы № KZ.T.02.E0600 аккредиттеу аттестаты (ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіндегі мәліметтерді өзектендіре отырып).
4. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы – «Жол диагностикасы орталығының» № 2 салыстырып тексеру зертханасының орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты 2025 жылғы 27 мамырдағы № KZ.P.05.0517 аккредиттеу аттестаты жаңа нақты мекенжайы бойынша қайта рәсімделсін: Астана қ., Алматы ауданы, Сороковая станциясы, Ж. Жабаев к-сі 52/2.
5. Астана қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау Орталық органының (Астана қ.) (2025 жылғы 24 қаңтардағы № KZ.Q.01.0318 аккредиттеу аттестаты) орналасқан жерінің өзгеруі туралы мәліметтер жаңа нақты мекенжайы бойынша Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізілсін: Астана қ., Әуезов к-сі, 48/1.
6. ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Ақтөбе облысы, Қандыағаш қ., «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша филиалы Мұғалжар аудандық бөлімшесінің сынақ орталығы, 2025 жылғы 03 шілдедегі № KZ.T.05.2255 аккредиттеу аттестаты,
2) Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, С. Нұрмағамбетов көшесі, 176, «Научно-производственный центр агроинженерии» ЖШС Ақкөл филиалының сынақ зертханасы, 2026 жылғы 14 қаңтардағы № KZ.T.03.0670 аккредиттеу аттестаты,
3) Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов кенті, Жұлдыз базары, Күлжі тас жолы, 87Б, «ИЛ Акжол Тест» ЖШС сынақ зертханасы, 2026 жылғы 14 қаңтардағы № KZ.T.04.3008 аккредиттеу аттестаты,
4) Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Кенен Әзірбаев ауылы, «QualityLab» ЖШС сынақ зертханасының Атырау филиалы,
5) Астана қ., «Исследовательская лаборатория «Эксперт ТС»» ЖШС сынақ зертханасы,
6) Алматы облысы, Іле ауданы, Асқар Тоқпанов ауылы, «QAZSERT-1» ЖШС сынақ зертханасы,
7) Павлодар қ., «Региональный Научно-Практический Центр «Система»» ЖШС сынақ зертханасы.
7. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
9. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың 7-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы М. Копабаевқа, 8 және 9-тармақтарының орындалуын бақылау Бас директордың орынбасары М. Мамбетаевқа жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

