«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 3 наурыздан 2020 жылғы 3 маусымға дейін ұзартылсын:
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Жол диагностикалық орталығы» филиалының Алматы салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 3 наурыздағы № KZ.P.02.0624 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан аграрлық сараптамасы» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының сынақ зертханасы (2015 жылдың 3 наурыздағы № KZ.И.07.0676 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі - Ғ. Мүсірепов аудандық ветеринариялық зертханасы (2015 жылдың 3 наурыздағы № KZ.T.15.0643 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

