«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 20 ақпаннан 2020 жылғы 20 мамырға дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Қостанай облыстық филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшелері - Қарабалық және Жітіқара аудандық ветеринариялық зертханалары (2015 жылдың 20 ақпандағы № KZ.T.11.0547 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК сынақ зертханасы (2015 жылдың 20 ақпандағы № KZ.T.02.0619 аккредиттеу аттестаты);
- «Desert star» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 20 ақпандағы № KZ.И.13.0672 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми зерттеу институты» ЖШС сынақ орталығы (2015 жылдың 20 ақпандағы № KZ.И.02.0377 аккредиттеу аттестаты);
- «ТЕКС» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2015 жылдың 20 ақпандағы № KZ.О.02.0651 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

