«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 13 қантардан 2020 жылғы 13 сәуірге дейін ұзартылсын:
- «Gidromet Ltd» ақпараттық өндірістік орталығы» ЖШС сынақ зертханасы (2015 жылдың 13 қантардағы № KZ.T.09.0661 аккредиттеу аттестаты);
- «Өскемен ЖЭО» ЖШС санитарлық өнеркәсіптік зертханасы (2015 жылдың 13 қантардағы № KZ.T.07.0601 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы - Дөң тау-кен байыту комбинатының салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 13 қантардағы № KZ.П.05.0497 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының өлшеу құралдарын тексеру/калибрлеу жөніндегі зертханасы/салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 13 қантардағы № KZ.P.05.0516 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың
13 қантардағы № KZ.П.01.0539 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

