«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 11 наурыздан 2020 жылғы 11 маусымға дейін ұзартылсын:
- «Аналитик АФ» ЖШС сынақ орталығы (2015 жылдың 11 наурыздағы № KZ.И.01.0896 аккредиттеу аттестаты);
- «Алматы Сертификаттау Бюросы» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2015 жылдың 11 наурыздағы № КZ.О.02.0992 аккредиттеу аттестаты);
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Жамбыл филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 11 наурыздағы № KZ.P.08.0760 аккредиттеу аттестаты);
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ біліктілікті тексеру провайдері (2015 жылдың 11 наурыздағы № KZ.C.01.1587 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

