«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 11 ақпаннан 2020 жылғы 11 мамырға дейін ұзартылсын:
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалының Астана қаласы бойынша ветеринариялық зертхана (2015 жылдың 11 ақпандағы № KZ.T.01.0536 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын мониторингтеу зертханасы (2015 жылдың 11 ақпандағы № KZ.И.08.0653 аккредиттеу аттестаты);
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының өлшеулерді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызметі (2015 жылдың 11 ақпандағы № KZ.М.02.0694 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары В. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

