«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 3 ақпаннан 2020 жылғы 3 мамырға дейін ұзартылсын:
- «Согра ЖЭО» ЖШС санитарлық-өнеркәсіптік талдау зертханасы (2015 жылдың 3 ақпандағы № KZ.T.07.0618 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шу электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2015 жылдың 3 ақпандағы № KZ.P.08.0364 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалының зертханасы (2015 ж. 3 ақпандағы № KZ.И.03.0621 аккредиттеу аттестаты);
- «Тенгизшевройл» ЖШС орталық зауыт зертханасы (2015 жылдың 3 ақпандағы № KZ.И.06.0677 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

