«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК-нің 2022 жылғы 21.02.2023 ж. атқарған жұмысы туралы кеңес хаттамасының 8-тармағын орындау үшін Қ. Н. Елікбаевтың төрағалығымен БҰЙЫРАМЫН:
1. Ресми сайтта сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың (бұдан әрі - СБО) қызметін регламенттейтін менеджмент жүйесі құжаттарының өзгерістер/редакцияларының жобаларын, сондай-ақ СБО мүдделерін қозғайтын құжаттардың жобаларын орналастыру.
2. Менеджмент жүйесінің тиісті құжаттарына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары 1-тармақта көрсетілген құжаттарды орналастырғаннан кейін мүдделі тұлғалардан нақты ұсыныстар мен ескертулерді жинауды және қарауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

