Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҚазККА» АҚ Инжинирингтік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы №KZ.Т.02.1831 сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. Мониторинглеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны веб-сайтқа орналастырсын.
3. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы «ҚазККА» АҚ Инжинирингтік орталығы» ЖШС хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауың ЖШС "Ұлттық аккредиттеу орталығы" Бас директордың орынбасары Тайжановқа Қ. Н. жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

