«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 3 қазаннан 2020 жылғы 3 қантарға дейін ұзартылсын:
- «SPACE» («СПЭЙС») ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 3 қазандағы № KZ.И.10.1539 аккредиттеу аттестаты);
- «Caspian Inspection Company» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 3 қазандағы № KZ.И.13.0308 аккредиттеу аттестаты);
- «NDT-Дефектоскопия» ЖШС бақылау және техникалық диагностика сынақ зертханасы (2014 жылдың 3 қазандағы № KZ.T.13.1541 аккредиттеу аттестаты);
- «GIO TRADE» ЖШС сынақ орталығы (2014 жылдың 3 қазандағы
№ KZ.T.10.0491 аккредиттеу аттестаты);
- «Иртыш-Стандарт» ЖШС сараптау және сертификаттау ғылыми-тәжірибелік орталығы сынақ орталығы (2014 жылдың 3 қазандағы № KZ.T.14.0472 аккредиттеу аттестаты);
- «Стандарт company» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 3 қазандағы № KZ.П.03.0508 аккредиттеу аттестаты);
- «Орталық ғылыми-өндірістік құрылыс зертханасы ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 3 қазандағы № KZ.О.02.0622 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

