«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 28 шілдеден 2019 жылғы 28 қазанға дейін ұзартылсын:
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Байланыс басқармасының бас орталығы» филиалының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің № KZ.П.01.0432 аккредиттеу аттестаты);
- «Научно-исследовательский диагностический центр «Diagnostic Group» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің
№ KZ.И.03.1519 аккредиттеу аттестаты);
- «Центр сертификации и экспертизы «ТЕСТ» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 28 шілденің № КZ.О.01.0984 аккредиттеу аттестаты);
- «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің № KZ.П.16.0486 аккредиттеу аттестаты);
- «НПО ДВИЖЕНИЕ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің № KZ.П.07.1516 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің № KZ.И.12.0382 аккредиттеу аттестаты);
- «Компания Нефтехим LTD» ЖШС зауыт зерттеу зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің № KZ.И.14.0450 аккредиттеу аттестаты);
- «Здоровое поколение» жеке меншік медициналық мекемесінің сынақ зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің № KZ.T.05.1517 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің № KZ.P.10.0277 аккредиттеу аттестаты);
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Қызылорда филиалының сынақ зертханасы (2014 жылдың 28 шілденің
№ KZ.T.12.0408 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

