«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 19 наурыздан 2019 жылғы 19 маусымға дейін ұзартылсын:
- Орал қаласының, Деркөл ауылы, «Орал-Жер» ЖШС сынақ орталығы (2014 жылдың 19 наурыздың № KZ.T.09.0390 аккредиттеу аттестаты);
- Алматы қаласының, «Прикаспийский Центр Сертификации» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органының филиалы (2014 жылғы 19 наурыздың № 1 қосымша/КZ.О.13.0193 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма Төрағасының Орынбасары К.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2019 жылғы 19 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

