«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 4 тамыздан 2019 жылғы 4 қарашаға дейін ұзартылсын:
- «Межрегионэнерготранзит» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 4 тамызындағы № KZ.П.11.0446 аккредиттеу аттестаты);
- «TechService 2006» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 4 тамызындағы № KZ.P.10.1522 аккредиттеу аттестаты);
- «КРАНЭНЕРГО ЛТД» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 4 тамызындағы № KZ.T.02.0406 аккредиттеу аттестаты);
- «ОТАН-СЕКЬЮРИТИ» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 4 тамызындағы № KZ.T.02.0501 аккредиттеу аттестаты);
- «ОТАН-СЕКЬЮРИТИ» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 4 тамызындағы № КZ.О.02.0507 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының сынақ орталығы (2014 жылдың
4 тамызындағы № KZ.T.01.0509 аккредиттеу аттестаты);
- «ВОСТОКЭНЕРГОСЕРВИС» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 4 тамызындағы № KZ.P.07.0389 аккредиттеу аттестаты);
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

