«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 18 маусымнан 2019 жылғы 18 қыркүйекке дейін ұзартылсын:
- «Биосфера Казахстан» Ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС атмосфералық ауаны және атмосфераға шығарылатын өнеркәсіптік шығындарды сынау зертханасы (2014 жылдың 18 маусымның № KZ.И.10.0323 аккредиттеу аттестаты);
- «Тахосервис плюс» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 18 маусымның № KZ.П.01.1502 аккредиттеу аттестаты);
- «ЭкоНус» ЖШС сынақ зертханасы (2014 жылдың 18 маусымның № KZ.И.10.0463 аккредиттеу аттестаты);
- «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалының сынақ орталығы (2014 жылдың 18 маусымның № KZ.И.06.0424 аккредиттеу аттестаты);
- «Аналитик АФ» ЖШС менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі органы (2014 жылдың 18 маусымның № KZ.Q.01.0370 аккредиттеу аттестаты);
- «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС бұзып бақылау сынақ зертханасы (2014 жылдың 18 маусымның № KZ.T.13.1500 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

