«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру»
8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 20 қазаннан 2020 жылғы 20 қантарға дейін ұзартылсын:
- «Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Шығыс ғылыми-зерттеу кен-металлургия түсті металдар институты» филиалының сынақ орталығы (2014 жылдың 20 қазандағы № KZ.Т.07.0480 аккредиттеу аттестаты);
- «Атырау мұнай өндеу зауыты» ЖШС «Орталық зауыт зертханасы» сынақ орталығы (2014 жылдың 20 қазандағы № KZ.T.06.0607 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғам «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Ақтөбе сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 20 қазандағы № KZ.P.05.0403 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғам «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Маңғыстау сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 20 қазандағы № KZ.P.13.0434 аккредиттеу аттестаты);
- «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 20 қазандағы № КZ.О.01.0990 аккредиттеу аттестаты);
- «Иртыш-Стандарт» ЖШС сараптау және сертификаттау ғылыми-тәжірибелік орталығы сәйкестікті растау жөніндегі органы (2014 жылдың 20 қазандағы № KZ.O.14.0496 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

