«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 28.02.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2019 жылғы 17 шілдеден 2019 жылғы 17 қазанға дейін ұзартылсын:
- «ЗАМАНА-ТРЕЙД» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 17 шілденің № КZ.П.02.1509 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қарағанды сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 17 шілденің № KZ.P.10.0337 аккредиттеу аттестаты);
- «Казахстанский центр сертификации на железнодорожном транспорте» ЖШС сынақ орталығы (2014 жылдың 17 шілденің
№ KZ.T.14.1507 аккредиттеу аттестаты);
- «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Көкшетау сигнализация және байланыс дистанциясының салыстырып тексеру зертханасы (2014 жылдың 17 шілденің № KZ.П.03.0387 аккредиттеу аттестаты);
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының біліктілікті тексеру провайдері (2014 жылдың 17 шілденің № KZ.C.01.1512 аккредиттеу аттестаты).
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) талдау және мониторинг Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

